⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы 

       Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай салалар бойынша жүзеге асырылады: 

       1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;  

       2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;  

       3) қоршаған ортаны қорғау;  

       4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;  

      5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу; 

      6) алып тасталды - ҚР 13.06.2018 № 160-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

       7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;  

       8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;  

      9) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 

       10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;  

       11) мәдениет пен өнерді дамыту;  

       12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;  

      13) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту; 

      13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу; 

      13-2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу; 

      13-3) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       14) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу; 

      16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау. 

      2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру: 

      1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету; 

      2) жануарларға жауапты қарауды қалыптастыру, оның ішінде жануарларға арналған панажайларды қолдау; 

      2-1) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту салалары; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша да жүзеге асырылады. 

      3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салалары шеңберінде тақырыптар қалыптастырылады. 

      4. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 № 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 160-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы