⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Мемлекеттiк қорғаудың түрлерi Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

5-бап. Мемлекеттiк қорғаудың түрлерi Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Мемлекеттiк қорғаудың түрлерi Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы  

       Осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес қорғалатын адамдар:  

       1) қорғалатын адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қауiпсiздiк шараларын қолдануымен, сондай-ақ олардың мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етумен;  

       2) құқықтық қорғау шараларымен, соның iшiнде олардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне қол сұғушылық үшiн қылмыстық жауапкершiлiктi көздейтiн шараларды қолданумен;  

       3) олар қаза болған (өлген), олардың денесiне жарақат салынған немесе денсаулығына басқа да зиян келтiрiлген, мүлкi жойылған немесе бүлдiрiлген жағдайда осы Заңмен белгiленген материалдық өтемге құқығын iске асыруды көздейтiн әлеуметтiк қорғау шараларын жүзеге асырумен қамтамасыз етiледi.  

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі № 72 Заңы. 

       Осы Заң қылмыстық процеске құқыққа қарсы араласудың жолын кесу мақсатында, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өмiрiн, денсаулығын, мүлкiн, заңды құқықтарын, мүдделерiн мемлекеттiк қорғау, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының жүйесiн белгiлейдi. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы