5-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы:
1) адам және азамат құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау;
2) заңдылық;
3) ізгілік;
4) жазаларды орындау шарттарын саралау;
5) жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындауды даралау;
6) мәжбүрлеу шараларын ұтымды қолдану;
7) түзелуге ықпал етумен жазаны сабақтастыру;
8) сотталғандардың құқыққа бағынушылық және белсенді, қоғамға пайдалы мінез-құлқын ынталандыру қағидаттарына негізделеді.
Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы