5-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тiркеу тәртiбi Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Заңы
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуға ниет бiлдiрген азамат iшкi iстер органына өтiнiш бередi, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнiң не паспортының көшiрмесiн қоса бередi. Азамат көрсетiлген құжаттарға өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн қоса беруге құқылы.
2. Iшкi iстер органы өтiнiш келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексередi, одан кейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына тиiстi қолдаухат берiп, оған ұсынылған құжаттардың көшiрмелерiн қоса тiркейдi, не қабылданған шешiмнiң себептерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге жазбаша түрде бас тартады.
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы келiп түскен қолдаухатты жетi жұмыс күнi iшiнде қарайды, азаматты тiркеудi жүргiзедi және оны қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есебiне қояды, бұл туралы iшкi iстер органын жазбаша түрде хабардар етедi.
4. Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың және өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған не соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына жол берілмейді.
5. Өтiнiштi қабылдамай тастау бас тартуға негiз болған себептер жойылған жағдайда өтiнiш берушiнiң қайта өтiнiш жасауына кедергi болмайды.
6. Құқықтық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтатуға негiз болатын жағдайлар мыналар:
азаматтың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге одан әрi қатысуға ниетiнiң жоқтығы туралы өтiнiшi;
қылмыстық жауапқа тартылуы;
бiрнеше рет (бiр жыл iшiнде екi және одан да көп рет) қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрақты тұру үшiн кетуi;
қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге одан әрi қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылық (ауру), денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен тiзбеге сәйкес айналадағылар үшiн қауiп төндiретiн өзге де ауру не қайтыс болу).
7. Осы баптың 6-тармағында аталған мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы тиiстi iшкi iстер органының ұсынымы бойынша бұл азаматты қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар есебiнен шығарады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілд - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590 Заңы.
Осы Заң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркiмен қатысуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы