5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру объектісі мен субъектілері Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы
1. Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi – қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру) объектiсi оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге не оның өлiміне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүлiктiк мүддесi болып табылады.
2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру субъектілері: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы.
Осы Заң қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы