5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері Сауда қызметін реттеу туралы Заңы
1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары:
1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау;
2-1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде тауарларды өткізу шарттарын айқындау;
3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру;
4) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау;
5) сертификаттау болып табылады.
2. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері:
1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу;
2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу;
4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану;
5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу;
6) қарсы шараларды қолдану;
7) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану;
8) өтемақы шараларын қолдану;
9) ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды қолдану болып табылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 Заңы.
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы