5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы
1. Мыналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағы;
2) облыстардың, аудандардың аумақтары;
3) елдi мекендердiң және олардың бөлiктерiнiң аумақтары;
4) функционалдық аймақтар;
5) тиесiлi технологиялық және инженерлiк жабдықтарымен ғимараттардың барлық түрлерiн қоса алғанда, жылжымайтын объектiлер;
6) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар;
7) мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарих және мәдениет, табиғи және қалалық ландшафт жылжымайтын ескерткiштерi.
2. Қалалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері ретінде:
1) ірі қала (халық саны 500 мыңнан көп);
2) үлкен қала (халық саны 100 мыңнан 500 мыңға дейін);
3) орташа қала (халық саны 50 мыңнан 100 мыңға дейін);
4) шағын қала (халық саны 50 мыңға дейін) болып бөлінеді.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2006.01.10. № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы