⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Уәкiлеттi органның қоғамға қатысты құзыретi Өзара сақтандыру туралы Заңы

5-бап. Уәкiлеттi органның қоғамға қатысты құзыретi Өзара сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Уәкiлеттi органның қоғамға қатысты құзыретi Өзара сақтандыру туралы Заңы 

       Уәкiлеттi орган: 

      1) қоғамдардың тізілімін жүргізеді; 

      2) қаржылық есептiлiкті қоспағанда, қоғамдардың есептілік тiзбесiн, нысандарын, оны беру мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді; 

      3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды және әкiмшiлiк жаза шараларын қолданады; 

      4) қоғамның активтерін инвестициялаудың тәртібі мен мөлшерін белгілейді; 

      5) қоғамдардың қаржылық есептілік тізбесін, нысандарын және оны беру мерзімдерін белгілейді; 

      6) қоғамдардың бастапқы статистикалық деректерінің тізбесін, оларды беру нысандары мен мерзімдерін айқындайды; 

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 163 Заңы. 

      Осы Заң өзара сақтандыруды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және өзара сақтандыру қоғамдары қызметiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы