⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы  Мынадай саяси себептермен сотталған адамдардың бәрi ақталуға жатады:

5-бап. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы  Мынадай саяси себептермен сотталған адамдардың бәрi ақталуға жатады:

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы  Мынадай саяси себептермен сотталған адамдардың бәрi ақталуға жатады:  

       а) мемлекеттiк және басқа қылмыстары үшiн сотталғандар;  

       б) саяси қуғын-сүргiндермен байланысты жазасын өтеп жатқан бас бостандығынан айыру орындарынан, айдаудан, жер аударудан, арнайы қоныс аударудан, не бас бостандығын шектей отырып ықтиярсыз еңбекке тарту орындарынан қашып шыққан үшiн сот емес органдар шешiмдерiмен сотталғандар немесе жазаланғандар;  

       в) саяси тұтқындардың бас бостандығынан айыру орындарында қарсыласу қозғалысына қатысқаны үшiн сот емес органдар шешiмiмен сотталғандар немесе жазаланғандар;  

       г) Бүкiлодақтық Төтенше Комиссия, Саяси бас басқарма - Айрықша Саяси бас басқарма, Iшкi iстер халық комиссариаты басқармасы - Iшкi iстер халық комиссариаты, Мемлекет қауiпсiздiгi министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi органдарының, прокуратура мен оның алқалары, "айрықша кеңестер", "екiлiк", "үштiк", сот қызметiн жүзеге асыратын басқа да органдар шешiмдерi бойынша қылмыстық жазаға тартылғандар.  

 

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі N 2200 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына келтiруге батыл бел байлап, осы қуғын-сүргiндердiң барлық құрбандарын ақтау, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды қазiргi уақытта барынша мүмкiн болатын өтеудi қамтамасыз ету мақсатында осы Заңды қабылдайды.   

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы