510-бап. Дәлелденуге жататын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Осы Кодекстiң 509-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi.
2. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде мынадай мән-жайлар анықталуға тиiс:
1) жасалған іс-әрекеттiң уақыты, орны, тәсiлі мен басқа да мән-жайлары;
2) осы адамның қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасағаны;
3) іс-әрекетпен келтiрiлген залалдың сипаты мен мөлшерi;
4) қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасаған адамның оны жасағанға дейiнгi, сондай-ақ одан кейiнгi мінез-құлқы;
5) осы адамда бұдан бұрын психикасының бұзылуы болған-болмағаны, қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасау кезiнде немесе iстi қарау кезiнде психикалық ауыру дәрежесi мен сипаты.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы