⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 53-бап. Соттың өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

53-бап. Соттың өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

53-бап. Соттың өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сот билігінің органы ретіндегі соттың өкілеттіктері заңда айқындалады.

      2. Тек сот қана:

      1) адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп тануға және оған жаза тағайындауға;

      2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға;

      3) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге;

      4) сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға;

      5) күдіктіге, айыпталушыға қатысты тергеуші, анықтаушы, анықтау органы, прокурор таңдаған күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауға және олардың мерзімдерін ұзартуға;

      5-1) жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді және оның мерзімдерін ұзартуды санкциялауға, сондай-ақ адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімін ұзартуға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім беруге;

      6) күдіктіге, айыпталушыға қатысты лауазымынан уақытша шеттету және жақындауға тыйым салу түрінде процестік мәжбүрлеу шараларын санкциялауға;

      7) күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға;

      8) мәйітті эксгумациялауды санкциялауға, халықаралық іздестіру жариялауға, мүлікке тыйым салуға, қарап-тексеруге, тінтуге, алуға және жеке тінтуге;

      9) үлгілерді мәжбүрлеп алуды және мәжбүрлеп куәландыруды санкциялауға құқықты.

      3. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен:

      1) қылмыстық қудалау органының, прокурордың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды;

      2) прокурордың, қорғаушының өтінішхаты бойынша куә мен жәбірленушінің айғақтарын сақтауға қояды;

      3) ақшалай және әкімшілік өндіріп алуларды қолданады;

      4) үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарайды;

      5) прокурордың заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы өтінішхатын қарайды.

      4. Егер істі сотта қарау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға ықпал еткен мән-жайлар, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жекеше қаулы шығарып, онда қажетті шаралар қолдануды талап ететін осы мән-жайлар мен заң бұзу фактілеріне тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын аударады. Егер сот мұны қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жекеше қаулы шығаруға құқылы.

      5. Төмен тұрған соттың (судьяның) атына жекеше қаулы шығарылмайды. Төмен тұрған сот жол берген, үкімнің, қаулының күшін жоюға немесе оны өзгертуге әкеп соққан, заң бұзушылықтар туралы жоғары тұрған сот сатысының сот актілерінде көрсетіледі. Басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар не әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын іс-әрекеттер құрамын құрайтын іс-әрекеттер жасау фактілері анықталған кезде сот заңда көзделген шараларды қолдану үшін тиісті прокурордың атына жекеше қаулы шығарады.

      6. Заңда көзделген жағдайларда, судьяның қаралып жатқан істер бойынша, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін және жасырын тергеу іс-қимылдарын ұйымдастыру, нақты жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу іс-қимылдары, ақпарат көздері мен оларды алу тәсілдері туралы жария етуге жатпайтын мәліметтерді қоспағанда, анықтау органдарының қаралып жатқан іске қатысты жедел есепке алу істерін, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу іс-қимылдарының материалдарын талап етіп алдыруға және олармен танысуға құқығы бар.

      Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекст...

Толық оқу »

344-бап. Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

344-бап. Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мә...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 344. Порядок вынесения постановлений в главном судебном разбирательстве Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 344. Порядок вынесения постановлений в главном судебном разбирательствеУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан По всем вопросам, разре...

Толық оқу »

667-бап. Заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

667-бап. Заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Күдіктіге,...

Толық оқу »

471-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны орындауға енгізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

471-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны орындауға енгізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысы шағым жас...

Толық оқу »

422-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

422-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Ко...

Толық оқу »

414-бап. Үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру құқығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

414-бап. Үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру құқығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту....

Толық оқу »

Комментарий к  статье 414. Право апелляционных обжалования, опротестования приговора, постановления Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 414. Право апелляционных обжалования, опротестования приговора, постановленияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Право апелляционн...

Толық оқу »

444-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды күшіне енуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

444-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды күшіне енуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Апелляциялық үкім, қаулы кеңесу бөлме...

Толық оқу »

О практике вынесения судами частных постановлений по уголовным делам Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года N 11.

Соттардың қылмыстық істер бойынша жекеше қаулылар шығару тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 11 нормативтік қаулысы. Еске...

Толық оқу »