⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 58-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

58-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

58-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы кезiнде сот әрбiр құқық бұзушылық үшiн бөлек жаза (негiзгi және қосымша) тағайындап, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы немесе тағайындалған жазаларды толық немесе iшiнара қосу арқылы түпкiлiктi жазаны айқындайды.
  2. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында тек қылмыстық теріс қылықтар қамтылса, онда түпкiлiктi жаза онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы не жазаларды iшiнара немесе толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте айыппұл түріндегі жазаның түпкілікті мөлшерін – төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен, ал қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамаққа алу түріндегі жазаның түпкілікті мерзімін тиісінше төрт жүз сағаттан немесе елу тәуліктен асыруға болмайды.

      Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына тек қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар кірсе, онда түпкiлiктi жаза онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы тағайындалады.

  1. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына ауыр немесе аса ауыр қылмыс кірсе, онда түпкiлiктi жаза онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы немесе жазаларды iшiнара немесе толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жазаны жиырма жылдан асыруға болмайды.
  2. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына жасалғаны үшін осы Кодексте жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген ең болмағанда бiр аса ауыр қылмыс кірсе, онда түпкiлiктi жаза жазаларды iшiнара немесе толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жазаны жиырма бес жылдан асыруға болмайды.

      Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына жасалғаны үшін осы Кодексте жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген ең болмағанда бiр аса ауыр қылмыс, сондай-ақ жасалғаны үшін айыппұл тағайындалған қылмыстық теріс қылық кірсе, онда түпкiлiктi жаза онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы тағайындалады.

      Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалса, онда түпкілікті жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалады.

  1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша тағайындалған негiзгi жазаға жиынтықты құрайтын құқық бұзушылықтар үшiн тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкiн. Ішінара немесе толық қосу кезінде түпкiлiктi қосымша жазаны осы Кодекстiң Жалпы бөлiгiнiң осы жаза түрi үшiн белгiленген ең жоғары мерзiмнен немесе мөлшерден асыруға болмайды.
  2. Егер сотталған адамның iсi бойынша сот үкiм шығарғаннан кейiн оның бiрiншi iс бойынша үкiм шығарылғанға дейiн жасаған тағы да басқа қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі екенi анықталса, жаза осы баптың қағидалары бойынша тағайындалады. Бұл жағдайда соттың бiрiншi үкiмi бойынша өтелген жаза түпкiлiктi жаза мерзiмiне есептеледi.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы