6-1-бап. Бөлінген активтердің құқықтық режимі Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы
1. Бөлiнген активтерді қалыптастыру базалық шарт бойынша жобалық қаржыландыру кезінде орындаушының талап ету құқықтарын беру нәтижесінде, сондай-ақ секьюритилендiру кезінде оригинатордың талап ету құқықтарын арнайы қаржы компаниясының пайдасына беру нәтижесінде және жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру мәмілелерінде қосымша қамтамасыз етуді түзу бойынша өзге де шарттар жасасу нәтижесінде жүзеге асырылады.
2. Бөлiнген активтер арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындағанға дейін, арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражатынан және кез келген өзге тұлғаға тиесілі не секьюритилендiрудің кез келген өзге де мәмілелеріне жататын кез келген өзге де активтерден бөлек болады.
3. Бөлiнген активтер жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезінде кредиторлардың құқықтарын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Бөлінген активтерді басқа мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
4. Бөлінген активтерге өндіріп алуды арнайы қаржы компаниясының міндеттемелерін жобалық қаржыландыру немесе секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде орындау үшін оригинатор және (немесе) арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылар (арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі) ғана қолдануы мүмкін.
Ескерту. 6-1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы