6-1-бап. Гранттар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы
1. Гранттар:
1) бюджет қаражаты есебінен берілетін мемлекеттік гранттар;
2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен берілетін мемлекеттік емес гранттар болып бөлінеді.
2. Мемлекеттік гранттар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қысқа мерзімді гранттар – іске асыру мерзімі үш айдан бір жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен кем емес және үш мың еселенген мөлшерінен аспайтын гранттар;
2) орта мерзімді гранттар – іске асыру мерзімі бір жылдан екі жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен кем емес және он мың еселенген мөлшерінен аспайтын гранттар;
3) ұзақ мерзімді гранттар – іске асыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен кем емес, мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қажетті материалдық базасы бар үкіметтік емес ұйымдарға берілетін гранттар.
3. Мемлекеттік гранттар оператор арқылы мемлекеттік грант беруге арналған шартқа сәйкес үкіметтік емес ұйымдар әзірлеген әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін беріледі.
4. Мемлекеттік гранттар:
таратылу процесіндегі;
банкрот деп танылған;
атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар;
мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған;
мүлкіне тыйым салынған;
экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған;
басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті тұлғаларының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылатын;
басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.
5. Мемлекеттік грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың:
1) қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттар үшін он пайыздан аспайтын;
2) ұзақ мерзімді гранттар үшін бес пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және институционалдық дамытуға пайдалана алады.
6. Мемлекеттік емес гранттар беруге және есептілікке қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оператор мен жеке немесе заңды тұлғалар арасында жасалған шарттың талаптарында айқындалады.
7. Мемлекеттік гранттарды бағыттары мен келесі қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемі бойынша қалыптастыру, оператордың үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік грант алуына конкурстық іріктеу жүргізуі мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар жүргізетін мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы