⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-1-бап. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы

6-1-бап. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-1-бап. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

      1. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді. 

      2. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды: 

      1) заңды тұлғаның атауы; 

      2) заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 

      3) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны; 

      4) заңды мекенжайы; 

      5) заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе); 

      6) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе); 

      7) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің азаматтығы; 

      8) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі; 

      9) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің меншік үлесінің мөлшері; 

      10) бенефициарлық меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса). 

      3. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін уәкілетті орган: 

      1) өзге де мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау; 

      2) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға өз қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты беруі; 

      3) уәкілетті органның өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жіберуі; 

      4) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлғалардың өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат пен мәліметтерді беруі; 

      5) қаржы мониторингі субъектілерінің өз қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат пен мәліметтерді беруі арқылы жүргізеді. 

      4. Уәкілетті орган бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінен заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі туралы ақпарат пен мәліметтерді: 

      1) өздерінің бақылауындағы субъектілер бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына; 

      2) құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға; 

      3) қаржы мониторингі субъектілеріне беруді жүзеге асырады. 

      Уәкілетті орган берген ақпарат дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды. 

      5. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

      Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңы. 

        Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын, сондай-ақ терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға және жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкцияларды іске асыру тетіктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы