6-2-бап. Бөлінген активтерді басқару Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы
1. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялауды инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарттың негізінде жүзеге асырады.
Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда және тәртіппен жасалады.
2. Бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан басқа инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт мыналарды:
1) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
2) инвестициялық портфельді басқарушының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінің қатысушыларымен өзара, оның ішінде қосымша қамтамасыз етуді құру бойынша шарттар жасасу жөніндегі іс-қимыл тәртібін;
3) кредиторларға немесе олардың өкіліне және уәкілетті органға ақпаратты ашу тәртібін;
4) бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген, уәкілетті орган белгілеген тізбеге сәйкес қаржы құралдарының тізбесін қамтуы тиіс.
3. Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт, шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар мынадай жағдайлардың бірінде:
1) шарт тараптарының біреуінің бастамасы бойынша;
2) уәкілетті орган берген инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде бұзылуы мүмкін.
Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шартты бұзудың бастамашысы бұзу күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын шарттың тарапын жазбаша хабардар етуге міндетті.
Инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырылған жағдайларда инвестициялық портфельді басқарушы бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт жаңа инвестициялық портфель басқарушысына берілетін арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салыстыру рәсімі аяқталғаннан кейін бұзылды деп саналады.
4. Инвестициялық портфельді басқарушы өз міндеттемелері бойынша арнайы қаржы компаниясының алдында өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жауапты болады.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы