6-2-бап. Оператор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы
1. Оператор:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар беруге;
2) қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында гранттарды іске асыру мониторингі үшін сарапшыларды тартуға құқылы.
2. Оператор:
1) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес мемлекеттік гранттардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға;
2) уәкілетті органға гранттар беру тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) гранттардың іске асырылуы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;
4) өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті уәкілетті органға беруге, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы