⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-2-бап. Теміржол қатынастарының түрлері Теміржол көлігі туралы Заңы

6-2-бап. Теміржол қатынастарының түрлері Теміржол көлігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-2-бап. Теміржол қатынастарының түрлері Теміржол көлігі туралы Заңы 

      1. Теміржол қатынастары мынадай түрлерге: 

      1) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау; 

      2) жүк тасымалдау болып бөлінеді. 

      2. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау: 

      1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау; 

      2) республикаішілік – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді. 

      3. Әкімшілік-аумақтық белгісі бойынша республикаішілік жолаушылар мен жүк тасымалдау: 

      1) облысаралық – әртүрлі облыстардағы жөнелту және межелі станциялар арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау; 

      2) ауданаралық (облысішілік қаларалық) – бір облыс шегіндегі жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдау; 

      3) қала маңындағы – тиісті аумақтарда қала маңындағы аймақтардың бекітілген шекаралары шегінде қаланы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдаулар болып бөлінеді. 

      4. Жүктерді тасымалдау: 

      1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы тасымалдар немесе жүк транзиті; 

      2) республикаішілік – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі теміржол станциялары арасындағы тасымалдау болып бөлінеді. 

      Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы. 

      Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы