⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-3-бап. Сыйлықақылар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

6-3-бап. Сыйлықақылар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-3-бап. Сыйлықақылар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы 

      1. Сыйлықақылар беруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады. 

      Сыйлықақылар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі. 

      2. Үкіметтік емес ұйымдар сыйлықақы алуға өтінімдерді уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді. 

      Дәл сол бір үкіметтік емес ұйым бір салада ғана сыйлықақы алуға ұсынылуы мүмкін. 

      3. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді. 

 

      4. Сыйлықақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерін құрайды. 

      5. Бір саладағы сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін. Сыйлықақы бірнеше ізденушіге берілген кезде сыйлықақы олардың арасында тең бөліктермен бөлінеді. 

      Ескерту. Заң 6-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2018 № 160-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы