⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-4-бап. Астық нарығы жөніндегі оператор Астық туралы Заңы

6-4-бап. Астық нарығы жөніндегі оператор Астық туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-4-бап. Астық нарығы жөніндегі оператор Астық туралы Заңы 

      Астық нарығы жөніндегі оператор: 

      1) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 

      2) астықтың резервтік қорын ұстап тұруды қамтамасыз етеді; 

      3) астық сатып алуды жүзеге асырады; 

      4) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында ұн тарту ұйымдарына азық-түліктік астық жеткізуді қамтамасыз етеді; 

      5) тұқымдық және жемдік қорларды қалыптастыруға қатысады; 

      6) азық-түліктік астық сатып алу және жеткізу арқылы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдеседі. 

      Ескерту. 2-тарау 6-4-баппен толықтырылды - ҚР 21.12.2020 № 390-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы