6-4-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы
1. Үкіметтік емес ұйым:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа сұрау салумен жүгінуге;
2) уәкілетті органға, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
2. Үкіметтік емес ұйым:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруге;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сапалы жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауға;
3) жеке және заңды тұлғалар өтініш жасаған жағдайда оларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы туралы толық және анық ақпаратты беруге;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарауға міндетті.
Ескерту. Заң 6-4-баппен толықтырылды - ҚР 19.04.2019 № 250-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы