⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-5-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жеке және заңды тұлғалар Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы

6-5-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жеке және заңды тұлғалар Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-5-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жеке және заңды тұлғалар Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы 

      Жеке және заңды тұлғалардың: 

      1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға; 

      2) қажет болған кезде өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша тиісті бөлімшелер мен қызметтер құруға; 

       3) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеру және калибрлеу жүргізуге; 

       4) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге; 

      5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге; 

      6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмысты жүргізуге құқығы бар. 

      Ескерту. 2-тарау 6-5-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II Заңы. 

Осы Заң өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы