6-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай аудиторлық ұйымның қызметiн жүзеге асыруына жол бермеу Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы
1. Аудиторлық ұйым аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шартын жасаспай аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Қызметтi аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыратын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.05.05 № 139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440 Заңы.
Осы Заң аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы