6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды индекстеу. Автомобиль жолдарындағы ара қашықтықты есептеу Автомобиль жолдары туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын барлық автомобиль жолдарының атауы мен индексі болуға тиіс. Автомобиль жолдарының атауына - бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді.
Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады.
2. Автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері автомобиль жолдарының карталары мен атластарында, сондай-ақ арнаулы белгілер және таңбалар қою арқылы автомобиль жолында көрсетілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері халықаралық келісімдермен белгіленеді.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн облыстардың жергілікті атқарушы органдары автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекiтедi.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.
3. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қашықтығы бастапқы және соңғы елді мекендер аралығымен есептеледі. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының километрін есептеу.
Қазақстан Республикасының астанасынан шығатын автомобиль жолдары үшін - Қазақстан Республикасы Парламентінің үйінен;
басқа елді мекендерден шығатын автомобиль жолдары үшін - жергілікті атқарушы органдар үйлерінен, ал олар болмаған жағдайда елді мекендердің шекараларынан бастап жүргізіледі.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығына:
елді мекендерді жалғастырып жатқан автомобиль жолдары үшін - тиісті елді мекендер шекаралары арасындағы қашықтық;
жалпыға ортақ пайдаланылатын басқа автомобиль жолдарын өзара жалғастырып жатқан және оларға қосылатын автомобиль жолдары үшін - түйісетін автомобиль жолдары осьтерінің қиылысу аралығы алынады.
Елді мекендер көшелерінің ұзындығына тиісті қалалар мен елді мекендер шекарасы шегіндегі қашықтық алынады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы