⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы

6-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  6-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы 

      Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган: 

      1) алып тасталды – ҚР 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      2) бiлiм алу үшін арнаулы жағдайлардың бірыңғай қағидаттары мен нормативтерiн айқындайды; 

      2-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       3) алып тасталды – ҚР 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

       4) арнаулы бiлiм беру ұйымдарының типтерi мен түрлерiнiң тiзбесiн белгiлейдi; арнаулы бiлiм алуға мұқтаж адамдар үшiн бiлiм беру ұйымдарында қажеттi орын санын айқындайды;  

       5) кемтар балаларды оқытуды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдiстемелiк жарақтандырылуы мен қамтамасыз етiлуiне қойылатын ең төменгi мiндеттi талаптарды белгiлейдi;  

       6) оқушыларды аттестаттау әдiстемесiн айқындайды;  

       7) азаматтардың денсаулығын сақтау, оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, кемтар балаларды оқытуға арналған техникалық құралдарға қойылатын нормативтiк талаптарды әзiрлейдi және бекiтедi;  

      7-1) азаматтардың денсаулығын қорғау, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы әлеуметтiк қызмет көрсету мен әлеуметтiк қамсыздандыру стандарттарын айқындайды; 

       8) бiлiм беру ұйымдарын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң үйлестiрiлуiн жүзеге асырады;  

       9) арнаулы бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;  

      10) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

       11) <*>  

      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы. 

       Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы