⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгiмiндеттерi Iшкi су көлiгi туралы Заңы

6-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгiмiндеттерi Iшкi су көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 6-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгiмiндеттерi Iшкi су көлiгi туралы Заңы 

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

       Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгi мiндеттерi:   

       1) республика экономикасының және халықтың тасымалдауларға, iшкi су көлiгiндегi жұмыстардың атқарылуы мен қызметтердiң көрсетiлуiне қажетiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;   

       1-1) iшкi су көлiгiнiң және оның өмiрлiк циклi процестерiнiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;   

       2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау;   

       3) iшкi су көлiгiндегi тасымалдаулардың iшкi рыногын қорғау;   

       4) iшкi су көлiгi мен iшкi су жолдарының инфрақұрылымын одан әрi дамыту;   

       5) iшкi су көлiгi саласындағы қызметке және кеме қатынасы қауiпсiздiгiне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.  

      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06. № 209, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы. 

         Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы