6-бап. Көлiктi мемлекеттiк басқару Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы
Көлiктi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау;
көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және ұлттық стандарттарды әзiрлеуге қатысу;
инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу;
республика экономикасы мен халқының тасымалдауларға, оның ішінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларға және соларға байланысты көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, жаңа технологияларды, мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген құрылғылар мен технологиялардың мобильділігін жеңілдететін құралдарды пайдалану;
жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын көлік жұмыскерлерін мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау және оларға көрсетілетін қызметтерді ұсыну дағдыларына үйрету, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;
көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;
мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу функциясын жүзеге асыру;
құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен, 2004.07.09 № 596 Заңымен, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-1, 6-2-баптармен толықтыру көзделген – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы