6-бап. Кредиттiк бюролар 3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы
1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, кредиттік бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі жалғыз мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.
2. Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 № 317 Заңымен.
3. Рұқсатты уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.
Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның рұқсат беру рәсіміне жатпайды.
4. Кредиттік бюроның атауында "кредиттік бюро" деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы