⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру кезiнде терiс пиғылды iс-әрекеттерден мемлекеттiк кепiлдiктер және күзет ұйымдарының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн сақтандыру  Күзет қызметі туралы Заңы

6-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру кезiнде терiс пиғылды iс-әрекеттерден мемлекеттiк кепiлдiктер және күзет ұйымдарының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн сақтандыру  Күзет қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 6-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру кезiнде терiс пиғылды iс-әрекеттерден мемлекеттiк кепiлдiктер және күзет ұйымдарының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн сақтандыру  Күзет қызметі туралы Заңы 

      1. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметтi жүзеге асыруы кезiнде мемлекет азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепiлдiк бередi және оны қамтамасыз етедi. 

      2. Күзет қызметiн құқық тәртiбi мен адамгершiлiк негiздерiне көрiнеу қайшы келетiн мақсаттарға жету үшiн жүзеге асыруға жол берiлмейдi. 

      3. Күзет қызметiн жүзеге асырушы адамның iс-әрекеттерi арқылы құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған адам ондай адамнан тиiстi түсiндiрмелер мен ақпарат талап етуге құқылы, сондай-ақ мұндай iс-әрекетке сотқа және заңдарда белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарға шағым жасауға құқылы. 

      4. Күзет қызметiн жүзеге асыратын және үшiншi тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған адам жәбiрленушiге келтiрiлген материалдық және моральдық зиянды заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi. 

      5. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер қызметкерлерінің, оның iшiнде олардың қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуы кезiнде өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.  

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.05.2007 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 29.12.2010 № 372-IV (қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы N 85 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы