⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Магистралдық темiржол желiсi  Теміржол көлігі туралы Заңы

6-бап. Магистралдық темiржол желiсi  Теміржол көлігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Магистралдық темiржол желiсi  Теміржол көлігі туралы Заңы 

      1. Тасымалдаушылар магистральдық теміржол желісі бойынша тасымалдауларды Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. 

      2. Тасымалдаушы магистралдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтері үшiн Ұлттық инфрақұрылым операторына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.  

      3. Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу құқығын Ұлттық инфрақұрылым операторы береді. 

      Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне кемсiтушіліксiз қол жеткізудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісін пайдалануға тең құқық беруге мiндеттi. 

      Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады. 

      4. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтiп-ұстауды және жаңғыртуды, салуды жүзеге асырады.  

      Жаңа магистральдық жолдар салу уәкілетті органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы. 

      Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы