⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың құзыреті  Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы

6-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың құзыреті  Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың құзыреті  Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы 

       Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың құзыретіне:   

      1) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 

      2) алып тасталды – ҚР 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

       3) машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ету;   

      3-1) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру; 

      4) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      5) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту немесе келісу; 

       6) осы Заңның және машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін машиналар мен жабдықтарды анықтау және оларды өткізуге жол бермеу жөнінде шаралар әзірлеу мақсатында тұтыну нарығы мониторингін жүзеге асыру;   

      7) жергілікті атқарушы органдар оларды жасауды, өткізуді және айналысын тоқтата тұру туралы беретін нұсқаманы, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының нарығын қоспағанда, осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін машиналар мен жабдықтарды жасауды, өткізуді және олардың нарықтағы айналысын тоқтата тұру туралы нұсқама беру; 

       8) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 305 Заңы. 

       Осы Заң машиналар мен жабдықтарға, олардың өмірлік циклы процестеріне қойылатын талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді және адам өмірін, денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға кепілдік беру үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы