⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Мемлекет және қайырымдылық Қайырымдылық туралы Заңы

6-бап. Мемлекет және қайырымдылық Қайырымдылық туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Мемлекет және қайырымдылық Қайырымдылық туралы Заңы 

      1. Қайырымдылық субъектілерінің және пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мемлекет кепілдік береді. 

      2. Қайырымдылықпен айналысатын қайырымдылық субъектілері ісіне мемлекеттің, ал мемлекет ісіне қайырымдылық субъектілерінің заңсыз араласуына, оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді. 

      3. Пайдаланушының қайырымдылық көмек алуы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған көмектің, төлемдердің немесе жеңілдіктердің қандай да бір басқа түрлерін шектеуге немесе тоқтатуға негіз болып табылмайды. 

      4. Қайырымдылық жасаушылар филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметті және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде, қайырымдылық ұйымдары қайырымдылықты жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай алады. 

      5. Мемлекеттік органдардың бюджет қаражаты есебінен қайырымдылықпен айналысуға, сондай-ақ қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы бекіткен қайырымдылық бағдарламасына біржақты тәртіппен өзгеріс (өзгерістер) енгізуге құқығы жоқ. 

      6. Мемлекет қайырымдылық субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен мемлекеттік наградалар, сондай-ақ қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен құрметті атақтар белгілеу және беру арқылы қайырымдылықты ынталандырады. 

       7. Мемлекет қайырымдылық ұйымдарына "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен сенімгерлік басқаруға беру түрінде қолдау көрсетеді. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ. 

      Осы Заң қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы