6-бап. Мемлекеттiк органдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi құзыреті Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында көзделген халықтың радиациялық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
3) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыретіне мыналар жатады:
1) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының кеден органдары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда – ҚР 25.02.2021 № 12-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 Заңы.
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы