⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

6-бап. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы 

      1. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру индустриялық дамуды бағалау негізінде жүзеге асырылады. 

      Индустриялық дамуды бағалау өнеркәсіптің дамуына әсер ететін құқықтық, экономикалық, қаржылық және өзге де факторларды талдауды көздейді және индустриялық дамуды бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. 

      2. Өнеркәсіптік саясаттың іске асырылу мониторингі бірыңғай индустрияландыру картасы арқылы жүзеге асырылады. 

      Бірыңғай индустрияландыру картасы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді. 

      Бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша жалпы үйлестіруді өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 

      Жауапты мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға бірыңғай индустрияландыру картасы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайынғы негізде ұсынады. 

      3. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес бағаланады. 

      Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді. 

      Заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, алынған әкімшілік деректер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етілмейді. 

 

      Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы