⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары    2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке қабілеттілігінің талаптары Қазақстан Республикасының Патент Заңы

6-бап. Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары    2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке қабілеттілігінің талаптары Қазақстан Республикасының Патент Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары    2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке қабілеттілігінің талаптары Қазақстан Республикасының Патент Заңы 

       1. Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi.  

       Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа болып табылады.  

       Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады.  

       Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды.  

       Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техникалық деңгейi туралы мәлiметтерге бұрынырақтағы басымдықтары болған жағдайларда өнертабыстар мен пайдалы модельдерге (қайтып алынғандардан басқасы) Қазақстан Республикасында берiлген өтiнiмдер және Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер кiредi.  

       Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп табылады.  

      2. Өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады.  

      3. Мыналар:  

      1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;  

      2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;  

      3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер;  

      4) ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi;  

      5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;  

      6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;  

      7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;  

      8) қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайды. 

      3-1. Патенттер мыналарға: 

      1) адамды клондау тәсілдеріне және оның клонына; 

      2) адамның ұрықтық желісі жасушаларының генетикалық тұтастығын өзгерту тәсілдеріне; 

      3) адами эмбриондарды коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалануға берілмейді. 

      4. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнертабыстың экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, өнертабысқа қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi, өнертабысқа өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiне әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi.  

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.03.02 N 237, 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы