6-бап. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы
Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган:
1) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізеді;
4) органикалық өнім өндіру кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) органикалық өнімді есепке алу және қадағалау жүйесін жүргізеді;
7) органикалық өнім өндірушілерге ақпараттық, ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетуді ұйымдастырады;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы Заң табиғи ресурстарды сақтауға және ұтымды пайдалануға, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған органикалық өнім өндірісі мен айналымының құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы