⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы

6-бап. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы 

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 

      Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 

      2. Алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      3. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау: 

      1) тұтынушыға арналған ақпараттың анықтығының осы Заңның, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін; 

      2) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы талаптарға ойыншықтардың сәйкестігін растайтын құжаттағы ақпараттың сәйкестігін бақылау арқылы жүзеге асырылады. 

      4. Тәуекелдерге бағалауды жүзеге асыру кезінде ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде ойыншықтардың іріктелген үлгілерін сынақтар (зерттеулер) жүргізу үшін аккредиттелген зертханаларға (орталықтарға) жібереді. 

       5. Ойыншықтар қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар ойыншықтар өндірісін, нарықта өткізілуін және айналысын тоқтата тұру туралы нұсқама береді.  

      Егер ойыншықтар өткізілуде жатқан болса, ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар адам өмірі мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға әсер ететін қауіпті факторлардың бар екендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлауға міндетті. 

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306 Заңы. 

       Осы Заң ойыншықтар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану, орындау және бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы