6-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының шет мемлекеттердiң органдарымен және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.
Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары терроризмге қарсы іс-қимыл саласында ұлттық заңнамаға және халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық орнатады, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізеді.
Қазақстан Республикасы терроризм актісін кімнің қай жерде жасағанына қарамастан, террористік іс-әрекетке қатысты адамдарды басқа мемлекеттердің құзыретті органдарының сұратуы бойынша өз аумағынан қуғындайды.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңы.
Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы