⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы 

      Қордың жарғысында белгіленген шекте Қордың директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады: 

       1) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналардың ставкаларын, сондай-ақ осы Заңда көзделген міндетті шартты міндеттемелерді, қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қорға төлеуге тиісті төтенше жарналардың мөлшерін белгілеу;  

      1-1) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.  

       2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұруды немесе одан айыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қатысушы-сақтандыру ұйымына инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған қадағалап ден қою шараларын және санкциялар шараларын қолдану туралы уәкілетті орган алдында өтініш жасау жөнінде шешім қабылдау;  

      3) кредиторларға өтем төлеу туралы шешім қабылдау; 

      4) агент-банкті таңдау; 

      4-1) тартылатын заемдардың және Қордың қарызға алуларының шекті мөлшерлерін белгілеу; 

      4-2) Қорда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру және осындай жүйенің жұмыс істеуін бақылау; 

      4-3) Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын айқындау; 

      4-4) Қорда ішкі аудит қызметін құру; 

       5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер.  

      Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 20.02.2006 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 12.01.2007 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 07.05.2007 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2009 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423 Заңы. 

      Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы