⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi  2-тарау. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы

6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi  2-тарау. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi  2-тарау. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы 

      1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады. 

      2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды және ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: 

      1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмiрдi сақтандыру; 

       2) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру; 

      3) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмiрдi сақтандыру; 

      4) зейнетақы аннуитеттін сақтандыру. 

      3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: 

      1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру; 

      2) ауырған жағдайдан сақтандыру; 

      3) автомобиль көлiгiн сақтандыру; 

      4) темiр жол көлiгiн сақтандыру; 

      5) әуе көлiгiн сақтандыру; 

      6) су көлiгiн сақтандыру; 

      6-1) ғарыш объектілерін сақтандыру; 

      7) жүктердi сақтандыру; 

      8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру; 

      9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру; 

      10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру; 

      11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру; 

      11-1) ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 

      11-2) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру; 

      12) осы тармақтың 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; 

      13) заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру; 

      14) ипотеканы сақтандыру; 

      15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру; 

      15-1) осы тармақтың 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру; 

      16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру; 

      17) сот шығыстарынан сақтандыру; 

      18) титулдық сақтандыру. 

      4. Сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

      5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады. 

      6. Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісімен айқындалатын міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады.  

      7. Жүктелген сақтандыру міндетті сақтандыруды білдіреді, бұл ретте міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады. 

      Жүктелген сақтандыру осы баптың 3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы шегінде жүзеге асырылады және сақтандырудың жеке сыныбы болып табылмайды. 

       Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.  

       Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарды жүктелген сақтандыруға жататын қызмет түрін реттейтін уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.  

      Тараптардың келісімі бойынша жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін ережелермен толықтырылуы мүмкін. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 № 483, 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)Заңдарымен.  
 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы