6-бап. Сублизинг Қаржы лизингі туралы Заңы
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен лизинг нысанасын сублизингке өткiзуге құқылы. Бұл орайда сублизинг беруші мен сублизинг алушы лизинг берушi мен лизинг алушы ретiнде әрекет етедi және лизинг мәмiлесiне осы қатысушылар үшiн осы Заңда айқындалатын құқығы бар және жауаптылықта болады.
Бұл орайда лизинг алушының лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн сублизинг алушыға аударуына лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
2. Сублизинг шартын лизинг шартының мерзiмiнен асып кететiн уақытқа жасауға болмайды.
3. Егер заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сублизинг шартына лизинг шарты туралы ережелер қолданылады.
4. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған сублизинг шартын тоқтатуға әкеп соғады. Бұл орайда сублизинг алушы сублизинг шартына сәйкес өзiнiң пайдалануындағы лизинг нысанасына тоқтатылған лизинг шартының талаптарына сәйкес келетiн талаптармен сублизингтің қалған мерзiмi шегінде лизинг берушiмен лизинг шартын жасасуға құқылы.
5. Егер лизинг шарты осы Заңда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде немесе басқа да заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, онда соған сәйкес жасалған қосалқы лизинг шарты маңызсыз болып саналады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10. N 532; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78 Заңы.
Осы Заң қаржы лизингi процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және лизинг қызметi негiзiнде инвестициялар тартуға бағытталған.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы