6-бап. Сыртқы барлау субъектілері қызметінің салалары Сыртқы барлау туралы Заңы
Барлау қызметін өз өкілеттіктері шегінде:
1) сыртқы барлау органы:
саяси, қаржы-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, әскери-саяси, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда;
Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде шифрлік және радиотехникалық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып шифрленген, құпияландырылған, кодталған және өзге де арнаулы байланыс түрлері саласында;
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында;
шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарының, қылмыстық қоғамдастықтардың (қылмыстық ұйымдардың) және жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметіне қарсы іс-қимыл саласында;
экстремизмге және террористік әрекетке қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ шекаралық саясат және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары мен континенттік қайраңын күзетуді жедел қамтамасыз ету саласында;
2) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары:
әскери, әскери-саяси, әскери-экономикалық және әскери-техникалық салаларда, террористік және экстремистік ұйымдарға қарсы іс-қимыл жасау, радиоэлектрондық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, шифрланған, құпияланған және арнаулы байланыстың өзге де түрлері салаларында және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі әскери құрамдасының мүдделерін қозғайтын басқа да салаларда жүзеге асырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.23 № 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2014 N 185-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың мәртебесін, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы