⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау  2-тарау. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

6-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау  2-тарау. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау   2-тарау. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы 

       1. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.  

       2. Тасымалдаушының осы Заңды тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу бөлігінде орындалуына мемлекеттік бақылау жасау:  

      1) автомобиль көлігін және қалалық рельстік көлікті пайдалануға қатысты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелеріне; 

      2) әуе көлігін пайдалануға қатысты көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға; 

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарына жүктеледі. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 Заңы. 

       Осы Заң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы