⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы  

      Уәкілетті орган: 

      1) ғылым саласындағы мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; 

      2) ғылым, ғылыми-техникалық қызмет және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады және мемлекеттік саясатты іске асырады; 

      3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы есебінен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіреді; 

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді; 

      5) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес айқындайтын ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына сәйкес Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың басым бағыттарын, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді әзірлейді және оларды Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның бекітуіне ұсынады. 

      Биологиялық қауіпсіздік саласын қозғайтын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары шеңберінде ғылыми зерттеулерді іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріледі; 

      6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын әзірлейді және бекітеді; 

      7) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді; 

      8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастырады және қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуын жүзеге асырады; 

      9) бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      10) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді; 

      11) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      12) ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды айқындайды; 

       13) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына "зерттеу университеті" мәртебесін беру қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;  

      14) технологиялардың әзірлігі мен ұйымдардың технологиялық әзірлігі деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 

      15) ұлттық ғылыми кеңестердің қызметін үйлестіреді; 

       16) салалық уәкілетті органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын жұмысын үйлестіреді;  

      17) ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шығыстардың нормалары мен үлгілік шарттарды әзірлейді және бекітеді; 

       18) "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;  

       19) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын (бұдан әрі – ғылымды қаржыландыру қағидалары) әзірлейді және бекітеді;  

      20) бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады; 

      21) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді және жариялайды; 

      22) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады; 

      23) бюджет қаражаты есебінен және берілетін салықтық жеңілдіктер шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      24) аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстар авторларына арналған жыл сайынғы конкурстарды өткізеді; 

      25) ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      26) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды; 

      27) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      28) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

       29) ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;  

      30) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді; 

      31) дәрежелерді беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      32) үміткерлерді іріктеу және олардың ғылыми тағылымдамалардан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      33) ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

       34) еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;  

      35) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      36) ғылыми бағыттар сыныптауышын әзірлейді және бекітеді; 

      37) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді; 

      38) апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді; 

      39) ғылыми-техникалық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді; 

      40) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 

      41) коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 

      42) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережені әзірлейді және бекітеді; 

      43) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды қолдап отырудың көрсетілетін қызметтері құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 

      44) осы Заңның және Қазақстан Республикасы заңнамасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 

      45) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

      Осы Заң ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуі мен оны дамытудың негізгі қағидаттарын және тетіктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы