6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Заңы
Мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады;
2) жедел, ведомстволық есепке алуды және жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдармен құпия негiзде ынтымақтасып жұмыс істейтін адамдарды есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргiзедi;
3) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына, жеткiлiктiлiгiне қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдiстемесiн белгiлейдi;
4) құқықтық статистикалық байқаулар өткiзедi;
5) құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу саласында ақпараттық-талдау қызметiн жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді жүзеге асырады және (немесе) есепке алуды жүргізеді;
7) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) уәкілетті органның тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
10) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11) мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық принциптер және стандарттар, әдiстеме әзiрлейдi;
12) құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;
12-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді және есепке алуды үйлестіреді;
12-2) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді жариялайды;
12-3) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелер, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
пайдалануды, қолдап отыруды, дамытуды, мониторингті жүзеге асыру;
іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуді, сондай-ақ қорғауды қамтамасыз ету;
электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды және оларды жою жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырады;
12-4) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелердің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуі, оған әкімшілік ету, пайдалану үшін жауапты лауазымды адамдарды айқындайды;
12-5) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
12-6) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, беруді, олармен танысуды, сақтауды және жоюды жүзеге асырады;
12-7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мемлекеттік бақылау актілерінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
12-8) реттеуші мемлекеттік органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
12-9) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеу және (немесе) есепке алу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіреді;
12-10) жолданымдарды қарау бойынша операциялық бағалау жүргізеді;
12-11) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ведомство аумақтық органдармен және оларға теңестірілген органдармен өз қызметін уәкілетті органның құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 510 Заңы.
Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы