⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi  Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы

6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi  Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi  Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы 

      Уәкiлеттi орган: 

      1) өз құзыретi шегiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау, жүргiзу және пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi; 

      2) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң жүргiзiлуiн жүзеге асырады; 

      2-1) сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру тәртібін белгілейді; 

      2-2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану тәртібін белгілейді; 

      3) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады әрi тiркеушi және басқа да мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелерге ақпарат бередi; 

      4) сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттардың әзiрленуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады; 

      5) сәйкестендiрiлген деректердiң сыныптауыштары мен анықтамаларын жүргiзу тәртiбiн, олардың құрылымын, құрамы мен форматын белгiлейдi; 

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223 Заңы. 

       Осы Заң жеке, заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) үшiн сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың негiзiнде сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаттарын, мiндеттерiн, принциптерi мен құқықтық негiздерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы