6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:
1) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын орындауға;
2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "банк" деген сөздi немесе содан туындайтын, ол банк операцияларын орындайтындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) пайдалануға құқығы жоқ. Бұл тыйым салу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
2. Мемлекеттiк орган, Ұлттық пошта операторы, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы