6-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының республиканың мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен өзара iс-қимылы және ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заңы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қолбасшылығы ұлттық қауiпсiздiк органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуде жәрдем жасауға мiндеттi.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және үкiметтiк байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.05.16 № 110, 2002.03.21 № 309 Заңдарымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы