⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы  

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар кепiлiн тiркеу, оның ішінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы тіркеу бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылған бағалы қағаздар кепiлiн тiркеуге осы Заңның 8-бабының ережелерi қолданылады. 

      1-1. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 

      2. Қоғам үшiн елеулi тарихи (оның iшiнде археологиялық), көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар мүлiк кепiлiн тiркеу заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. 

      3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады. 

      4. Ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеудi тiркеушi орган алғашқы өтiнiш жасаған кезде бiр рет қана жүргiзедi. Бұл ретте, тiркеушi орган кепiл тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.  

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 № 427, 2004.12.13 № 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  
 

 

Осы Заң жылжымалы мүлiкке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру және қорғау мақсатында осындай мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн белгiлейдi.   

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы