600-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) алынғанға дейін адамды күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Шет мемлекеттің құзыретті органының өтінішхаты бойынша өзіне қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу жіберілген адам Қазақстан Республикасының аумағында күзетпен ұсталуы мүмкін. Өтінішхатта адам қылмыстық жауаптылыққа тартылатын заңнама туралы мәліметтер: көзделген жазалау шарасын, күзетпен ұстау туралы қаулыға сілтемені және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу қосымша ұсынылатынын көрсете отырып, қамтылуға тиіс.
Көрсетілген өтінішхат және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу алынғанға дейін күзетпен ұстау туралы қаулы олардың түпнұсқаларын пошта арқылы немесе курьермен бір мезгілде жіберіп, коммуникацияның ғылыми-техникалық құралдары пайдаланыла отырып берілуі мүмкін.
2. Адамды күзетпен ұстау осы Кодекстің 588-бабында көзделген тәртіппен және қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес күзетпен ұсталатын адамды, егер осы адам ұстап алынған күннен бастап қырық тәулік ішінде Қазақстан Республикасының құзыретті органы қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуды алмаса, прокурор босатуға тиіс, бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына дереу хабарланады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы